Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «Н.Марабаев атындағы №7 мектеп-лицейі» КММ
КГУ «Школа-лицей №7 имени Н.Марабаева» Отдела образования по городу Актау Управления образования Мангистауской области

logo

Республика Казахстан,
Мангистауская область,
г.Актау, 5 микрорайон, здание 43

Телефон доверия УОМО:
+7(7292) 60 94 02

КГУ "Школа лицей №7 имени Н.Марабаева" - Медиация

 

      «Медиация мектептегі білім беру жүйесінде»

Елімізде дауларды шешудің қосымша әдісі ретінде Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңы қолданылып келеді.
Аталған Заң жеке және заңды тұлғалар қатысатын азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де құқық қатынастарынан, сондай ақ, онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар туралы істер бойынша қылмыстық сот ісін жүргізу барысында және де сотқа дейінгі дауларды шешуге, сонымен қатар атқарушылық іс жүргізуді орындау кезінде туындайтын қатынастар бойынша қолданылады.

Медиация — үшiншi бейтарап риясыз тарап — медиатор (делдал) көмегiмен дауды соттан тыс шешу нысаны. Медиация рәсiмi кезiнде жанжалға қатысатын тараптар медиатордың тәжiрибесiне, бiлiмi мен ептiлiгiне сүйенiп, өзара тиiмдi шешiмге келедi.

№7мектеп-лицейінде Медиация тобы құрылып жұмысын жасап келеді. Осы мектеп негiзiнде бiтiстiру қызметi жұмыс iстейдi, ол келiссөздер жүргiзу, диалог алаңын құру арқылы iшкi жанжалдарды шешумен айналысады.

Негiзгi медиативтi амалдар арқылы бөтен тұлғалардың араласуынсыз жанжалдар шешiлдi. Тараптардың татуласу қорытындысы бойынша шарт жасалып, оған сәйкес бiр-бiрiне деген наразылықтың жоқтығы расталды.