17:46
Ашық тәрбие сағаты

26 ақпан күні Достық үйінде Ақтау қаласындағы Н.Ә.Марабаев атындағы №7 мектеп-лицейдің оқушылары ашық тәрбие сағатын өткізді. Сабақтың негізгі мақсаты: оқушыларға өз елінің өткен тарихын біліп, сан ғасырлар бойы ата-бабамыз аңсаған, біліктің күші найзаның ұшымен келген Тәуелсіздіктің қадірін біліп, Қазақстанның болашағы келешек ұрпақ қолында екенін сезіне білуге тәрбиелеу, балалардың бойына Отансүйгіштік касиетін сіңіріп, елін, жерін қорғауға баулу.

Сабақ барысында оқушылар әр түрлі танымдық тапсырмаларды өте қызығушылықпен орындады. Шара оқушылардың үш тілде ән шырқауымен аяқталды.

Іс-шара барысында белсенділік танытқан оқушыларға Достық үйі атынан естелік сыйлықтар табысталды.




Просмотров: 453 | Добавил: polt | Рейтинг: 4.0/3
Всего комментариев: 0
avatar