15:50
«Қашықтықтан білім беруде жас маман тәжірибесі»

     

                                Канатбаева Каншайым Марсовна            

            «Н.Марабаев атындағы №7 мектеп-лицейі»

          Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, жас маман

 

“Ақырын жүріп, анық бас,

Еңбегің кетпес далаға,

Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға…»                     Абай Құнанбаев

Ұстаздық- бұл өмірдегі ең жақсы, ең адал, ең жауапты, қызығы мен қиыншылығы қатар жүретін  мaмaндықтардың бірі. Eлбaсымыз айтып кеткеніндей «Біздің басты байлығымыз – адам және адамдағы бар жақсылық — мұғалімнен».

    Қазіргі таңда төтенше жағдайларға байланысты елімізде көптеген жұмыс орындары қашықтықтан жұмыстануға көшті. Білім беру орындары да қашықтықтан оқыту жүйесіне бағытталды.

Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша жоспарды қалай құру екендігін бекіттік, ал қазіргі қашықтықтан оқыту жүйесіне көшуге байланысты көптеген программалар көп көлемді материалдарды көтермейтін болғандықтан одан ары ізденіп,жұмыстануға кірістік.Осындай өзгерістер арқасында нақты әрі оқушыларға түсінікті жоспар құруды меңгердік Бұл оқыту түріне байланысты өзіндік әдіс-тәсілдерді де орнымен қолдануды үйрендік. Сонымен қатар оқушылармен кері байланыс жасай отырып қысқа,нақты, сапалы жауаптар қайтаруға баулыдық.

Ақпараттық технологиялардың заманауи құрал-жабдықтары оқыту барысында материалдарды көрсетудің: вербальды және бейнелік (дыбыс, графика, видео, анимация) түрлерін қолдануға мүмкіндік береді. Қашықтықтан оқытудың оқу процесін жүргізу барысында мынадай технологиялар қолданылады:  “Мектеп.Еду”, “Оk.Edus”, “Classroom”, “Bilimland”  берілген материалды меңгеруге жағдай жасау үшін  өте қолайлы және ыңғайлы;

Оқу материалын меңгеруде қиындық деңгейін, уақытын және көлемін таңдаудағы жекешілдік;

Интерактивті, өйткені, мұғаліммен, сыныптастарымен синхронды (чат, скайп) және асинхронды ( пошта, форум) әрекеттесу арқылы оқуға болады. Мектеп.Едудің технологиясы басқа – бұл мұғалімнің оқу сайты. Мұғалімнің оқу сайттарының ресурстары (бейнелекциялар, тест жұмыстар, практикалық тапсырмалар, форумдағы дискуссиялар, есептер шығару практикумдары, компаниялардың оқу-жаттығу жұмыстары) оқушыларға ыңғайлы уақытта керекті тақырыбымен өз бабымен жұмыстануға мүмкіндік береді.

Осындай жұмыстaр aрқылы eң әуелі оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы артады , бір- бірімен пікір алмасып,сөздік қоры молаяды, өз ойларын еркін жеткізуге, оқулықпен жұмыс істеуге, бір — біріне жүйелі сұрақтар қоя білуге дағдыланады. Оқушылар жаңа сөздер меңгеруде тек оқулықтағы белгілі сөздермен шектелетін еді.Қазір компьютер ,IT саласындағы терминдердің қазақша баламаларын меңгеруде.Мысалы, мышь-тышқан,клавиатура-пернетақта,системный блок-жүйелі блок,окно-терезе,автозагрузка-автожүктеу және т.б.

Халқымыздың «Білекті бірді, білімді мыңды жығады» деген ұлaғaтты сөзін негізе ала  білімнiң бaғa жетпес үлкен рухани қару екендігін,сонымен қатар aсa зoр өндіргіш күш екенін ұғынуымыз тиіс.

 Студент те атандық білімге құштар жастармыз,

Ыстығы мен суығы, сан белеңді асқанбыз.

Төрт жыл бойы сіңірген тәрбие, білім нәрімен

Мектеп атты теңізге нық қадамды басқанбыз.

Алуан түрлі соқпақты үлкен өмір ағынды

Сусындату біліммен-мақсатымыз балғынды

Қазақ елін жаңғыртып,дамытатын әрине

Біз- жас маман ұстаздар жігерлі һәм жалынды!

Просмотров: 302 | Добавил: polt | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar