19:14
Ата-аналар жиналысының хаттамасы

        Ата-аналар жиналысының хаттамасы
                                                                                       25.09.2020ж
Қатысқандар:60
мектеп директоры – Имангалиева Г.Б.
директордың тәрбие жөніндегі орынбасары – Жақсыбаева Л.А.
қамқоршылық кеңес төрайымы – Гноевая С.М.
ата-аналар 
Күн тәртібінде:
1.2020 жылға арналған білім беру ұйымдарында бюджеттен бөлінген қаржы қаражатының жұмсалуы бойынша есеп. 
2. Жаңа 2020-2021 оқу жылында оқытуды ұйымдастыру. 
3.2019-2020 оқу жылындағы ҰБТ қорытындысы. 
4.Қамқоршылық кеңестің құрамын сайлау.

Жиналыстың өту форматы: онлайн, ZOOM платформасында

          Сөз кезегі мектеп директоры Имангалиева Г.Б. берілді. Өз сөзінде 2020 жылға арналған білім беру ұйымдарында бюджеттен бөлінген қаржы қаражатының жұмсалуы бойынша есеп беруден бастады.
      2020 жылға бөлінген қаражат:
 барлығы: 455 172 700 тг 
оның ішінде республикалық бюджеттен (РБ): 
102 504 800 тг жергілікті бюджеттен: 352 667 900 тг
Барлығы: 292 705 496 тг оның ішінде РБ-мен: 74 865 263 тг еңбекақы және өтемақы төлемдері: 70 118 230 тг салықтар және бюджетке аударымдар: 4 747 033 тг оның ішінде жергілікті бюджеттен: 217 840 233 тг еңбекақы және өтемақы төлемдері: 186 995 160 тг салықтар және бюджетке аударымдар: 16 036 840 тг
Өзге қорларды сатып алу: 198 855
 өзге де қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеу(өрт сигнализациясына, бейнебақылау жүйесіне қызмет көрсету және т. б.): 7 141 300
 коммуналдық қызметтер: 3 826 574.
Байланыс қызметтеріне ақы төлеу: 650 200. 
Ел ішіндегі іссапарлар мен қызметтік сапарлар : 87 416 
жалпыға бірдей міндетті орта білім беру қорының шығындары: 589 314 
көлік қызметтеріне ақы төлеу: 148 000 
машиналар мен жабдықтарды, құрал-саймандарды сатып алу: 2 166 416
               Сондай-ақ, қаражаттың бір бөлігі 25 дана көлемінде ноутбук сатып алуға бөлінді, жалпы сомасы 5 200 000;  планшет 25 дана, 895 000. Қалалық білім беру бөлімі 69  ПК ұсынды, аз қамтылған отбасыларға мектептен бір балаға 25 000 сомада қайырымдылық көмек көрсетілді (19 адам)
             Мектеп жиһазынан сатып алынды: 2 166 000 сомаға 58 дана шкаф, 812 000 сомасына 50 комплект  (парта,орындық)
           В условиях пандемии было приобретено: тепловизор 6 шт. на сумму 165 000; санитайзер -25 на сумму 340 000тг.
Оқушыларды компьютерлермен жабдықтау туралы да сөз қазғады: Барлығы-1692 оқушы,  олардың ішінде компьютер қажет болғандар -73, Қамтылғаны -61, қамтылмай қалғаны – 12. Оның ішінде – ПК – 47, наутбук -14, демеушілер арқылы алынған ноутбук – 4.
  
           Келесі айтылған мәселе бойынша мектеп директоры жаңа 2020-2021 оқу жылында оқытуды ұйымдастыру туралы айтып өтті. 
 Барлығы-1692 оқушы. Оның ішінде :1-4 сыныптар-825 оқушы; ( оның 183 – і - бірінші сынып оқушылары. Кезекші сыныптарға 180 оқушы қатысады, 3 оқушы қашықтықтан білім алуда. Әр сынып әрқайсысы 15 адамнан аспайтын 2 кіші топқа бөлінеді. Барлығы 12 топ оқиды. Әр сынып санитайзерлермен, ауысымдық маскалармен жабдықталған, ауысымдар арасында кварцтау да жүргізіледі.

             Келесі мәселе бойынша мектеп директоры Қамқоршылық кеңес мүшелеріне  мектептің дамуына қосқан үлесі үшін ризашылығын білдірді, сонымен қатар
Қамқоршылық кеңес мүшелігі үш жылдан аспайтындығы туралы айта отырып,  кеңес мүшелігіне қайтадан жаңа топ құратындығы туралы ұсыныс білдірді.

                       Жиналыс төрайымы                            Имангалиева Г.Б.
                       Хатшысы                                              Жаксыбаева Л.А

 

Просмотров: 1129 | Добавил: polt | Рейтинг: 2.0/1
Всего комментариев: 0
avatar