16:35
Тәуелсіз елдің ұлы – өжет, қызы – қайратты, халқы – қаhарман.

Тәуелсіз елдің ұлы – өжет, қызы – қайратты,

халқы – қаhарман.

 

        Қазақстан Республикасы Президентінің «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласы тарихы тереңде жатқан еліміздің егеменді ел болып, ата бабамыздың арманы орындалып, жасампаздығымызды жаңа белеске көтерген Тәуелсіз еліміздің отыз жыл ішіндегі жеткен жетістігіне, тарихқа терең көз жібере отырып, барша қазақстандықтардың арман мұратын ескеріп,болашаққа деген нық, сенімді қадаммен басып келе жатқан мемлекетіміздің рухын көтеріп, еңсемізді тіктейді.  Төрт кезеңге бөлінген, әр кезеңде он жыл ішінде Елбасы басшылығымен қазақ халқының Тәуелсіз егеменді ел ретінде танылуы, қоғамның, жергілікті ұлттың рухы, жігері қоғамдық санасының өсуі, Қазақстан тарихының парасат пен пайымға толы жолы барлық бөлімдерінде айшықты да анық айтылған.

   Еліміздін жетістіктерін айқын көрсеткен «Қоғам мен Құндылық» бөлімінде ең басты құндылығымыз жеріміз, тіліміз және береке-бірлігіміз.Тәуелсіздік- бабаларымыз аңсаған, ұрпағымыздың қолы жеткен киелі, қаны құдіретті қара жердің астында жатқан қасиетті сөз. Тәуелсіздімізбен бірге келген мемлекеттік тіліміз егеменді еліміздің негізгі рәміздерінің бірі. Елбасымыз атап өткендей «Тілге деген көзқарас, ол елге деген көзқарас» екендігін ұмытпаймыз.Тіл ұлт пен ұлтты жақындастыратын ең үлкен қатынас құралы. Ендеше, тілімізді ұлтымызды, отбасымызды қадірлегендей қадірлейік! Қазақстанның азаматымын деп санайтын әрбір адам мемлекеттік тілді білуі шарт деп ойлаймын. Тіл – адамдар арасындағы қарым-қатынастың аса маңызды құралы ғана емес, ойлаудың, дүниетанымның, рухани мәдениетті жасаудың ұлттық ұжымдық тәрбиесін жинақтаудың, сақтаудың құралы. Біздің қазақ халқының тілі өте бай, айтылуға орамды, көркем тіл. Тіл ақылдың - өлшемі. Тілге деген құрмет – халыққа деген құрмет. Демек әрбір қазақстандық мемлекеттік тілді құрмет тұтып білуі тиіс. Тіл мәртебесі – ел мерейі. Ана тіліміздің мәртебесін үстем етіп, еліміздің мерейін көтерейік. Тілсіз халықтың, елдің өмір сүруі мүмкін емес. Әлем таныған ел болу үшін ана тіліміздің жұлдызын биіктетуіміз керек. Бұл біздің басты парызымыз.   

   Жердің тұтастығы, елдің бірлігі мен берекесі алдымен, мына бізге байланысты. Өзге бауырлардың алаңсыз өміріне де біз жауаптымыз. Өйткені, біз – мемлекет құрушы ұлтпыз!.. Кез келген мемлекеттің бастау алар нүктесі — Мемлекеттік шекара.  Мемлекеттік шекара өзінің маңыздылығы жөнінен мемлекеттік рәміздеріміз  болып табылатын Елтаңба, Ту, Әнұранымыздай мағынасы өте терең. Ықылым  замандардан қай елдің болмасын беріктігі, ел шебі болып табылатын  шекарасының беріктігімен тығыз байланысты. Осынау ұлан-ғайыр аймақтың  тұтастығы үшін қаншама ата-бабаларымыздың шейіт болғандығына кәрі тарих  куә. Тәуелсіз ел атанып, егемендік туын тіккеннен кейін өз еліңнің  іргесін өз халқының күзетуі заңды құбылыс. Жасыратыны жоқ, біздің еліміз көршілерімен салыстырғанда ұлттар  арасындағы татулығы мен экономика саласындағы ілгерілеушілігімен  ерекшеленеді. Сол шекараны шегендеуде әлем қауымдастығынан кепілдік іздеген  Елбасының орны қашанда ерекше. «Қазақстанның тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығын сақтаудан маңызды міндет жоқ»­ деген Елбасы тұтастығымызды қам­­та­масыз ету үшін шын мәнінде орасан­ жұмыстар атқарып, халықаралық қауым­дастықты мойындатты. Отыз жылдың ішінде бүкіл шекарамыз – тату көршілік пен ынтымақтастықтың шекарасы деп ай­­тыл­уы бекер емес. Төскейде малы қосы­лып, алыс-берісі мен барыс-келісінен жаңыл­маған іргелес көршілеріміздің барлы­ғы­мен бауырластық қарым-қатынас орнат­тық.Біздің шекарамыз – достық пен тату көршілік шекарасы. Өйткені, ізгі ниетпен келген елдердің бәріне есігіміз айқара ашық.­

 

 

Н.Марабаев атындағы №7 мектеп-лицейінің

педагог психологы       Аубакирова К.Т.

Просмотров: 849 | Добавил: polt | Рейтинг: 4.2/4
Всего комментариев: 0
avatar