11:11
Маңғыстау облысында үшінші тоқсанда 83 мыңға жуық оқушы мектепке қайта оралды, деп хабарлайды «Хабар 24»

Маңғыстау облысында үшінші тоқсанда 83 мыңға жуық оқушы мектепке қайта оралды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шалғай өңірдегі сыйымдылығы 300 адамға дейінгі 23 мемлекеттік және 12 жеке мектептің жұмысы штаттық кестеге ауысты. 1-5 сыныптардың балалары ата-ананың өтініші негізінде 15 оқушыдан аспайтын кезекші топтарда оқыса, 9-11 сыныптар өз білімін аралас форматта жалғастырады.

Сабақта үнемі бетперде тағып отыру, дәлізде топтасып жүрмеу секілді талаптардың күшейтілгеніне қарамастан, балалар сүйікті мектебіне оралғандарына риза.

Просмотров: 176 | Добавил: polt | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar